Енді Астана әуежайының жолаушылары жап-жаңа жолақтар арқылы жүреді

9 Тамыз 2023, 20:30
712
Бөлісу:
Енді Астана әуежайының жолаушылары жап-жаңа жолақтар арқылы жүреді
Фото: Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі

Астана халықаралық әуежайындағы жөндеу аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуежайдың баспасөз қызметі мәлім еткендей, Астана халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағындағы биылғы жөндеу жұмыстары уақытылы аяқталды. 15 шілдеде басталған жөндеу жұмысы кезінде 11:00-18:00 аралығында ұшу-қону жолағы жабылған еді. Жөндеу жұмыстарының сәтті аяқталуына орай ұшу-қону жолағы штаттық режимде қолданысқа берілді. Жөндеу жұмыстары кезінде ұшу-қону жолағына 6000 шаршы метр ыстық асфальт төселіп, 9000 шаршы метр перрон аумағы жаңарды. Ұшу-қону жолағындағы жол белгілері толық боялды.

Жөндеу кезінде ұшу-қону жолағындағы шамдар да жөндеуден өтіп, кейбірі ауыстырылды. Мәселен ұшу кезіндегі жарықтандыру қызметі 1000 метрден астам кабельді жаңартты. Ұшу-қону жолағының жөндеу жұмысына 30 қызметкер жұмылдырылды. 

Биылғы жөндеу ішкі және халықаралық рейстердің орындалуына кедергі келтірген жоқ. Жөндеу жұмысының сапалы әрі уақытылы аяқталуы өзіміздің жіті бақылауымызда болды. Осы кезеңде әуежай қызметіне қолдау білдіріп, кейбір қолайсыздыққа түсіністік танытқан жолаушыларымызға алғыс айтқым келеді. Астана халықаралық әуежайы әрі қарай өздеріңізге толық қызмет етуге әзір, - деді «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Ерғазы Жолдасов.

Өзгелердің жаңалығы