Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) 2025 жылға арналған жұмыс аптасының ұзақтығы бойынша елдердің жаңа рейтингін ұсынды. Рейтинге сәйкес Қазақстандағы жұмыс уақыты көптеген көршілес мемлекеттермен салыстырғанда айтарлықтай аз екені анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ILO-ға сілтеме жасап.
Халықаралық ұйымның зерттеу мәліметтері бойынша, орташа есеппен қазақстандық азамат аптасына 37,97 сағат жұмыс істейді. Бұл ретте ерлер мен әйелдердің жұмыс кестесінде айырмашылық бар:
-
Ерлер - аптасына 39,37 сағат;
-
Әйелдер - аптасына 36,48 сағат.
Бұл көрсеткіштер жалдамалы жұмысшылар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды ескере отырып, нақты жұмыс істеген уақытқа негізделген.
Ең аз жұмыс істейтін елдер
Жұмыс аптасы ең қысқа елдердің арасында ең төменгі көрсеткіштердің бірі Йеменде тіркелген. Онда жұмыс аптасына 25,89 сағат. Ерлер орташа есеппен 26,42 сағат, әйелдер - 18,03 сағат жұмыс істейді.
Нидерландыда жұмыс аптасының орташа ұзақтығы 26,77 сағатты құрайды: ерлерде - 30,44 сағат, әйелдерде - 22,65 сағат.
Норвегияда орташа есеппен аптасына 27,10 сағат жұмыс істейді (ерлерде - 29,45 сағат және әйелдерде -24,48 сағат).
Австрияда орташа көрсеткіш 28,41 сағатқа тең: ерлер 32,07 сағат, әйелдер - 24,28 сағат жұмыс істейді.
Данияда жұмыс аптасы орташа есеппен 28,75 сағатты құрайды, оның ішінде ерлерде 31,23 сағат және әйелдерде 25,97 сағат.
АҚШ-та орташа көрсеткіш аптасына 36,08 сағатқа тең (ерлерде - 38,05 сағат және әйелдерде - 33,73 сағат).
Жұмыс аптасы ең ұзақ елдер
Жұмыс аптасының ең жоғары ұзақтығы Бутанда тіркелген, онда адамдар аптасына орта есеппен 54,49 сағат жұмыс істейді. Бұл ретте ерлер - 55,03 сағат, әйелдер - 53,68 сағат еңбек етеді.
-
Суданда апталық жұмыс уақытының орташа ұзақтығы 50,76 сағатты құрайды: ерлерде 51,90 сағат және әйелдерде 45,70 сағат.
-
Лесотода бұл көрсеткіш 50,20 сағатқа тең, оның ішінде ерлер 51,52 сағат, әйелдер 48,43 сағат жұмыс істейді.
-
Конго Республикасында орташа есеппен аптасына 48,73 сағат жұмыс істейді. Ерлер — 49,17 сағат, әйелдер — 48,25 сағат тер төгеді.
-
Біріккен Араб Әмірліктерінде орташа жұмыс аптасы 48,36 сағатты құраса, ерлер арасында бұл көрсеткіш 48,33 сағатқа тең.
Көршілердегі жағдай қалай?
Ресейде жұмыс аптасының орташа ұзақтығы - 38,21 сағат. Онда ерлер 39,21 сағат, әйелдер 37,16 сағат жұмыс істейді.
Қырғызстанда орташа есеппен 35,19 сағат: ерлер 38,74 сағат, әйелдер 30,18 сағат еңбек етеді.
Өзбекстанда орташа көрсеткіш 40,35 сағатқа жетеді (ерлерде 43,09 сағат және әйелдерде 35,19 сағат).
Ұсынылған елдердің ішінде ең жоғары көрсеткіш Тәжікстанда тіркелген - аптасына 41,04 сағат. Онда ерлер орташа есеппен 44,71 сағат, әйелдер 35,63 сағат жұмыс істейді.
Арменияда орташа жұмыс аптасы 38,00 сағатты құрайды, бұл ретте ерлер 42,70 сағат, әйелдер 33,38 сағат жұмыс істейді.