Еңбекминінің Қоғамдық қабылдау бөлімі қашықтан жұмыс істей береді

31 Желтоқсан 2021, 16:35
1490
Бөлісу:
Еңбекминінің Қоғамдық қабылдау бөлімі қашықтан жұмыс істей береді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Азаматтардың өмірі мен денсаулығын коронавирустан қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) қоғамдық қабылдауы 2022 жылғы  сәуірге  дейін жұмысын қашықтан жалғастырады.

Барлық өтініштер электронды түрде Еңбекминінің ресми интернет-ресурсы мен әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары, «e-gov» электронды үкімет порталы, ҚР Президентінің виртуалды қабылдауы және «Е-Өтініш» (suraqtar.kz) барлық азаматтардың өтініштерін  қабылдау мен өңдеудің біріңғай платформасы арқылы қабылданады.

Сондай-ақ  8 (7172) 74 36 03, 74 36 79 нөмірлеріне хабарласуға болады.

Өзгелердің жаңалығы