Еңбекмині мемлекеттік қызмет көрсетудің кешенді форматына көшеді

11 Ақпан 2022, 17:14
1501
Бөлісу:
Еңбекмині мемлекеттік қызмет көрсетудің кешенді форматына көшеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еңбек министрлігі азаматтарға ыңғайлы болу үшін мемлекеттік қызмет көрсетудің кешенді форматына көшеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов хабарлады.

Вице-министр әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында ведомство жүзеге асырып жатқан негізгі жобалар туралы баяндады.

Бірінші жоба – мүгедектікті сырттай белгілеу және мүгедектігі бар адамдарға қолдау көрсету. Бұрын денсаулығынан айырылған азаматтарға мүгедектік белгіленген кезде әртүрлі инстанцияларға жүгінуге тура келетін. Алдымен тексеру үшін емханаға, содан кейін мүгедектікті анықтау үшін медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне жүгінетін, - деп түсіндірді вице-министр.

Ербол Оспанов 2021 жылғы ақпанда ҰҚСК отырысында Президент мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың инстанциялар мен қағазбастылық бойынша жүруін, сондай-ақ Қызмет көрсетушілердің қызмет алушылармен байланысын болдырмауды тапсырғанын еске салды.

Осы тапсырма шеңберінде Еңбекмині, Денсаулық сақтау және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп, мүгедектікті белгілеу бойынша кешенді қызмет көрсету бойынша жұмыс жүргізді. Бүгінгі күні пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша жоба еліміздің барлық өңірлерінде іске қосылды. Өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша емханаға ғана жүгінеді, қалған процестер Ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен адамның қатысуынсыз өтеді, – деп түсіндірді Ербол Оспанов. 

Сонымен қатар Еңбекмині өкілі 2022 жылғы 4 ақпандағы жағдай бойынша сырттай куәландыру бойынша барлығы 5,1 мың өтінім қаралғанын атап өтті. Биыл мүгедектігі бар адамдардың 20%-ын кешенді тәсілмен қамту жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы