Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс әлеуметтік қорғау заңнамасына енгізілген өзгерістерді бірінші оқылымда қабылдады.
Заң жобасындағы жаңалықтардың бірі – еңбек жарақатынан мүгедек болып қалған адамдарды мемлекет есебінен оңалту.
Қазіргі уақытта жұмыс беруші, яғни жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда бұл міндеттемелер мемлекетке өтеді. Бұл ретте кәсіпорын қызметі тоқтап тұрған кезеңде немесе банкроттық рәсімдерін жүргізу кезінде мүмкіндігі шектеулі жандар оңалтудың техникалық құралдарын алу мүмкіндігінен айырылған. Көбінесе банкрот жұмыстары 1,5 жылға дейін созылуы мүмкін, - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов.
Аталған мерзімде өндірісте мүгедектік алған адам оңалтудың техникалық құралдарынсыз қалады. Ондай шаралар кәсіпорын банкрот болған жағдайда қолға алынады. Осылайша қазірдің өзінде 2 мыңға жуық адам оңалту қызметтерімен және техникалық құралдармен қамтамасыз етіледі.