Еңбек жарақатынан мүгедек болғандар мемлекет есебінен оңалтылады

16 Қыркүйек 2021, 10:17
1274
Бөлісу:
Еңбек жарақатынан мүгедек болғандар мемлекет есебінен оңалтылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов айтты.

Сенатта министр «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасын таныстырды.

Айтуынша, жұмыс берушінің өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндігі болмаған жағдайда еңбек жағдайында мертігіп, мүгедек болған адамдарды мемлекет есебінен оңалтудың техникалық құралдармен және қызметтермен қамтамасыз ету қарастырылған.

Бүгінгі күні жұмыс беруші жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда олардың міндеттемелерін мемлекет өзіне алады. Бұл ретте айта кететін мәселе – кәсіпорын қызметі тоқтап тұрған кезеңде немесе банкроттық рәсімдеу жүргізу кезінде мүгедектігі бар адамдар оңалту техникалық құралдарын алу мүмкіндігінен айырылған, - деді Серік Шәпкенов.

Кей жағдайларда бұл рәсімдер 1-1,5 жылға дейін созылады.

Аталған іс-шара 2 мыңға жуық адамды техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті ол Сенатта.

Өзгелердің жаңалығы