Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Жарлығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Серік Жамбылұлы Шәпкенов – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
Туған жылы: 1979 жыл
Туған жері: Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында туған.
Білімі: Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін "экономист-математик" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастады. Түрлі жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты құрылымында жұмыс істеді.
2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.
2015-2016 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2016-2018 жылдары — Атырау қаласының әкімі.
2018-2020 жылдары Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.
2020 жылдың маусымынан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.