Еңбек саласындағы әлеуметтік шиеленістер кәсіподақтардың тұрақты бақылауында

23 Шілде 2021, 11:18
2171
Бөлісу:
Еңбек саласындағы әлеуметтік шиеленістер кәсіподақтардың тұрақты бақылауында

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Атырау облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ізтұрған Баймұханов «ESS Support Services» және «Мұнай Көлік» ЖШС жұмыскерлерімен кездесті. Кездесуге «Қазақстандық мұнайгаз салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрайымы Елена Мұстафина да қатысты.

«Атырау облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі осындағы еңбек тәуекелдерінің картасына енгізілген еңбек дауларының туындау ықтималдығы бар кәсіпорындарға күнделікті мониторинг жүргізіп, тұрақты бақылауда ұстайды. Мұндағы мақсат әлеуметтік шиеленіс пен еңбек дауларының алдын алу. Жыл басынан бері Атырау облысында еңбек қатынастары бойынша 22 компанияда наразылық акциялары өтті. Наразылық акцияларының негізгі себептерінің бірі – жалақының төмендігі және еңбек жағдайларының нашарлауы. Кәсіподақтар еңбек дауларының барлығының шешілуінде өз үлесін қосты. 

Еске сала кетейік, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин осы жылдың 21-22 маусым күндері Атырау облысына жасаған жұмыс сапары аясында Шығыс Мақат кен орнында еңбек ұжымдарымен, әлеуметтік әріптестермен 15 кездесу өткізіп, маңызды келісімдерге қол жеткізді.

Атап айтқанда, ҚРКФ төрағасы «Қазпочта» АҚ Атырау филиалы, «Қазтехмұнайсервис» ЖШС мен «Мұнай Көлік» ЖШС, «Ескерткіш Қызмет Қазақстан» ЖШС және «Денхолм Жолдас» ЖШС, «Ембімұнайгаз» және «ESS Support Services» компанияларындағы жұмыс берушілермен кездескен болатын. 

«Мұнай Көлік» серіктестігінде Атырау облысының кәсіподақ орталығы мен жұмыс беруші арасындағы ұзақ келіссөздерден кейін жұмыскерлердің басшылықты ауыстыру туралы талаптары қанағаттандырылды және компания басшылығына басқа басшы келді. Компанияның жаңа бас директоры Бағитжан ​​Қадіров ҚРКФ төрағасымен кездесуінде жұмыскерлердің жалақысын 4% -ға көтеру туралы шешім қабылдағанын жариялаған еді.

«Атырау облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ізтұрған Баймұхановтің   «Мұнай Көлік» ЖШС жұмыскерлерімен болған кездесуінде жұмыскерлер көтерілген жалақыларын тамыз айында алатыны белгілі болды. 

«ESS Support Services»кәсіподағының мүшесі Марал Көшенов ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталинге ауысым жұмыскерлерінің 28 күндік ауысыммен келгенде 7 күн карантинде болуға мәжбүр екені туралы айтқан болатын. Сатыбалды Дәулеталин Атырау облысының кәсіподақ орталығына осы мәселені биылғы жылдың 25 маусымында өтетін әлеуметтік әріптестік жөніндегі өңірлік үшжақты комиссияның келесі отырысында қарауға бастама көтеруді тапсырған еді. Бұл сұрақ комиссияның 25 маусымдағы отырысының күн тәртібіне енгізіліп, қаралды. Сонымен қатар, Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы, ТШО басшылығымен, ірі компаниялармен жеке консультациялық кездесулер өткізілді. 16 шілдеде жедел кеңес шақыртылып келіссөздер жүргізілді. Енді 23 шілдеде яғни бүгін тағы да қайта қаралатын болады. 

«Атырау облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ізтұрған Баймұханов сонымен қатар, кездесу қатысушыларына ҚРКФ-ның ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру туралы бастамалары туралы яғни ең төменгі жалақы мөлшерін біртіндеп көбейту, меншіктің барлық формасындағы кәсіпорындардағы жұмыскерлердің жалақысын индекстеуді заңнамалық тұрғыдан бекіту, «Дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төменгі жалақыны белгілеу туралы» Халықаралық еңбек ұйымының №131 Конвенциясын ратификациялау бойынша жұмыс жасалып жатқанын жеткізді. 



Өзгелердің жаңалығы