Қазақстанның еңбек нарығына 18 млрд теңгеден астам қаржы бөлінбек

6 Желтоқсан 2019, 11:44
22936
Бөлісу:
Қазақстанның еңбек нарығына 18 млрд теңгеден астам қаржы бөлінбек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан өңірлерінде еңбек нарығын дамытуға республикалық бюджеттен 18 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалмақ, деп жазады 7kun.kz.

"2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" жобаға сәйкес ең көп соманы Түркістан облысына жіберу жоспарланған – 3,7 млрд теңге немесе 20,2%. Қызылорда облысы 2 млрд теңгеден астам қаржы алады. Сондай-ақ, 1 млрд теңгеден астам теңге Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарына жіберіледі.

Сонымен қатар, республикалық маңызы бар қалалардың ішінде тек Шымкент ғана 1 млрд теңге алады, ал Алматы мен Нұр-Сұлтанға 500 млн теңгеден аз қаржы бағытталады.

Сонымен қатар, 18 млрд теңгенің 12 млрд теңгесі жалақыны ішінара субсидиялауға және жастар тәжірибесіне тиесілі.

Өзгелердің жаңалығы