Еңбек кодексі еленбеген: Сотталғандар 12 сағаттан артық жұмыс істеген

Астана қаласының прокуратурасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру кезінде заңдылықтың сақталуына тексеру жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев 19 Қаңтар 2026, 19:01
19 Қаңтар 2026, 19:01
638
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

Астана қаласының прокуратурасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру кезінде заңдылықтың сақталуына тексеру жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тексеру барысында еңбекақының уақтылы төленбеуі, сотталғандармен жеке еңбек шарттарының дұрыс жасалмауы, сондай-ақ жұмысқа тартылған сотталғандарды еңбек заңнамасында көзделген жұмыс уақыты нормасынан тыс (тәулігіне 12 сағаттан артық) пайдалану деректері анықталды.

Қадағалау актісі бойынша 13 сотталғанға Еңбек кодексінің 108-бабына сәйкес үстеме жұмыс уақыты үшін еңбекақы төленді.

Еңбекақы төлеу талаптарын бұзғаны үшін жауапты лауазымды тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 87-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сотталғандардың құқықтарын сақтауға бағытталған қадағалау іс-шаралары жалғасуда.

Наверх