Еңбек инспекторлар 16 мыңға жуық жұмыскердің құқығын қорғады

6 Қазан 2022, 13:34
849
Бөлісу:
Еңбек инспекторлар 16 мыңға жуық жұмыскердің құқығын қорғады
Фото: Егемен Қазақстан

Осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 696 кәсіпорнында 17,4 мың жұмыскердің алдында 3 млрд 982,1 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 639 нұсқама беріліп, 115,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 15,9 мың жұмыскерлердің құқықтары қорғалды. Оларға 3 млрд 741,6 млн теңге төленді.

Өзгелердің жаңалығы