Enbek HR қосымшасын 56 мыңнан астам адам пайдаланады

Кеше, 18:33
220
Бөлісу:
Enbek HR  қосымшасын 56 мыңнан астам адам пайдаланады
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Enbek HR мобильді қосымшасы өткен жылы жұмыскерлерге hr.enbek.kz еңбек ресурстары порталының функционалдығына қол жеткізуді жеңілдету үшін іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, қосымшаны 56,6 мың пайдаланушы жүктеп алған.

Бүгінгі таңда мобильді қосымша арқылы порталдың бірқатар қызметтері мен сервистері қолжетімді. Еңбек шартына қол қою мүмкіндігінен басқа, қызметкер жұмыс берушілердің Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген өзінің еңбек шарттарын қарап, одан жұмыс орнынан анықтама ала алады немесе еңбек шарты бойынша мәліметтерді өзектендіре алады (бұзу, жою, түзету – растайтын құжаттарды тіркеген кезде).

Сондай-ақ, Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген еңбек шарттары негізінде қалыптастырылған электрондық еңбек кітапшасын жүктеуге, әлеуетті жұмыс берушіге жеке деректермен танысуға келісім беруге болады («Қызметкердің жеке ісі» сервисінде).

Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскер тікелей мобильді қосымшада арнаулы әлеуметтік төлемге құқығының бар-жоғын тексеріп, оның сомасын алдын ала есептей алады

Сонымен қатар Enbek HR мобильді қосымшасында қызметкер онлайн режимінде push-хабарламалар алады, бұл еңбек шарттарымен жүргізілетін барлық іс-әрекеттер туралы хабардар болуға және жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Enbek HR қосымшасы белсенді дамып келеді және жақын арада жаңа функционалдар қол жетімді болады. Оны App Store және Google Play-дан жүктеп алуға болады.

Өзгелердің жаңалығы