Еңбек дауларының негізгі себептері неде?

3 Шілде 2021, 12:12
3319
Бөлісу:
Еңбек дауларының негізгі себептері неде?
PHOTO

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы еңбек кикілжіңдеріне әкелуі мүмкін әлеуметтік-экономикалық жағдайдың күнделікті мониторингі бақылауға алынды және оны шешу жөніндегі жұмыс тобының жұмыс жоспары мен өзара іс-қимыл алгоритмі бекітілді. 


 

Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақтар орталығы әрқашан ұжымдық наразылық білдірген жұмыскершылардың талаптарын тыңдап, олардың проблемаларын шешуге дайын және заңдық, ақпараттық және психологиялық жағынан қолдау көрсетіледі.

 

 

Еңбек дауы

Елордада биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 12 әлеуметтік-еңбек дауы орын алды, соның ішінде бірнеше рет наразылық акциясына шыққан еңбек ұжымдары да бар. Пандемиямен және қолайсыз экономикалық жағдаймен байланысты оқиғалар тұрақсыз әлеуметтік-еңбек жағдайының қалыптасуына және еңбек қатынастарының дамуына айтарлықтай әсер етті. Мысалы, жалақы төлемеу проблемалары күшейіп, еңбек жағдайларын бұзушылықтар көбейді.

Жыл басынан бері жалақы деңгейін арттыру, еңбек жағдайын жақсарту жөнінде түскен 23 өтініш қаралды. Көрсетілген құқықтық көмек саны – 63, оның ішінде 57 жұмыскер бұрынғы жұмысында қалды.

 

Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақтар орталығының төрағасы Төлеген Күнәділовтың айтуынша, кәсіподақтар еңбек дауларын шешу бойынша барлық келіссөздер процестеріне қатысып келеді. Соның ішінде елорда да бірнеше рет әр түрлі құрылыс ұйымдарынан «кран операторлары» ереуілдерге шықты.

Краншылар жалақыны, оның ішінде қауіпті еңбек жағдайлары үшін жалақыны арттыру, жалақыны индекстеу және лайықты еңбек жағдайларын жақсарту, тамақпен, маусымдық арнайы киіммен қамтамасыз ету талаптарын қойды. Біздің мақсатымыз, әлеуметтік әріптестермен бірлесіп еңбек қатынастарын реттейтін заңнамалық актілерді қатаң орындауды қамтамасыз ету, жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасында өзара түсіністік пен диалогқа қол жеткізу. Осы орайда мұнаралы кран жұмысшыларының бастамашыл тобының талаптарын тыңдап, оларға Кәсіподақтар Федерациясының әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша ұстанымын жеткізіп, еңбек дауларын шешудің заңнамалық нормалары және осы қызметті заңнамалық негізде жүргізу қажеттілігі туралы түсіндірмелер берілді. Жалпы әрбір жеке еңбек дауы аясында жұмыскерлердің құқықтарын сақтауға Кәсіподақтар федерациясы диалог алаңын ұсынып, көмектесуге дайын. Еңбек дауларына қатысты маңызды келіссөздерге кәсіподақтардың қатысуы ереуілдердің ұзақтығын қысқартуға және келісімге тез арада қол жеткізуге мүмкіндік береді, - деді ол. 

Күнәділов атап өткендей, әлеуметтік әріптестермен бірлесіп жасалған жұмыстар нәтижесінде елордадағы түрлі құрылыс компанияларының басым бөлігі краншылардың жалақысын 250 мыңнан 450-500 мың теңгеге дейін көтерді. Жуық арада ғана «Үміт» құрылыс саласы жұмыскерлерінің жергілікті кәсіптік одағы ҚБ құрылып, жаңа құрылған жергілікті кәсіподақ қызметін жетілдіру бағытында көмек көрсетіліп жатыр.

Бұдан басқа монолитті жұмыстарды орындайтын жұмыскерлер және кірпіштерді, газоблоктарды төсеу жұмыстарын орындайтын жұмыскерлер еңбек жалақыларына көңілі толмайтындықтарын жеткізді. Монолитші жұмыскерлердің белсенділерімен байланыс орнатып, осы даулы жағдайды жүйелі негізде реттеу бойынша келіссөздер жүргізілді. Оларға еңбек құқығы бойынша кеңестер беріліп келеді. Сондай-ақ «Arabtec Consolidated Constructors Limited» қосалқы мердігерлік ұйымының «SPECIAL FOOD COMPANY» ЖШС-нің жұмысшылары да наразылық акцияларына шықты. Абу Даби Плаза құрылысымен айналысатын «Arabtek Holding» бас мердігері өз банкроттығын жариялап, жұмысшылар қаңтар айынан бастап жалақы алмаған. Қазіргі уақытта жұмыс берушілермен келіссөздер жалғасуда, әзірге жұмысшылардың еңбек ақысы ішінара төлене бастады.

 

                                                          Еңбек дауларының негізгі себептері

 

Еңбек даулары негізінен кәсіподақтары жоқ кәсіпорындарда болып отыр.

Айта кетерлігі, ағымдағы жылдың мамыр айында бастауыш кәсіподақ ұйымы бар «Астана Тазалық» ЖШС жұмысшыларының наразылық акциясы өтті. Еңбек дауларының негізгі себептері – жұмыскерлердің еңбекақы мөлшеріне қанағаттанбауы, жалақы төлеуді кешіктіру, қызметкерлер мен жекелеген ұйымдардың басшылары арасындағы ақпараттық байланыстың кемшіліктері.


 

Өз тарапынан, салалық кәсіподақ Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақ орталығымен және әлеуметтік әріптестер-мемлекеттік органдармен бірлесіп, еңбек дауларын диалог жолымен шешуге қатысты. Елорданың ірі құрылыс ұйымдарының басшыларымен, қызметкерлердің бастамашыл топтарының өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды, құқықтық алаңда еңбек дауларын шешу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жалақыны 30%-ға көтеру туралы екіжақты келісім қабылданды. «Астана Тазалық» ЖШС жұмысшыларының мерекелік демалыс және үстеме жұмыстарды қоспағанда жазғы кезеңде қолға алатын жалақылары орташа есеппен 137 000-140 000 теңге қысқы кезеңде 158 000-160 000 теңгені құрайтын болады, - деді Құрылыс кешені және Тұрғын-үй коммнуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Нұр-Сұлтан қаласы филиалының төрағасы Тілеулес Мадьярова. 
 

Қазіргі таңда өзекті болып отырған еңбек дауларының алдын алу және шешу жөнінде кәсіподақ ұйымдарына Кәсіподақтар федерациясымен бірлескен оқыту семинарлары өткізілуде.

Кәсіподақтардың ұсынысымен қалалық үшжақты комиссиясында еңбек арбитраждарын құру қарастырылып, еңбек заңнамасы бойынша жиі бұзушылық орын алатын кәсіпорындардың базасында қалалық үшжақты комиссияның көшпелі отырыстары өткізілетін болады. Әлеуметтік әріптестік тараптарының жұмысы туралы ақпараттар, оның ішінде қалалық үшжақты комиссия отырысының хаттамаларын орналастыру үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтында «әлеуметтік әріптестердің жұмысы» шартты атауымен бөлім ашылды.

2021 жылдың 17 мамырында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Кәсіподақтар орталығы және жұмыс берушілер өкілдері арасында 2021-2023 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік туралы қалалық келісімге қол қойылды.

Келісімнің жаңа ережелерінің ішінде әлеуметтік әріптестер ұжымдық шарттарға немесе жұмыс берушілердің актілеріне инфляцияны ескере отырып, жұмысшылардың жалақысын жыл сайынғы индекстеу нормаларын қосу бойынша бірлескен қадамдар жасауды атап өтуге болады. Сонымен қатар қалалық үшжақты келісімге алғаш рет қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құру, өндірістік кеңестің мүшелері, оның ішінде ұйымдарда еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар үшін қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша оқытуды ұйымдастыру енгізілді.

Ұжымдық шарт - әлеуметтік, еңбек және экономикалық қатынастарды реттеудің маңызды құралы, жұмысшылардың жағдайын жақсартатын құқықтар мен кепілдіктерді белгілейді. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істеп тұрған 53 мыңнан астам кәсіпорында 33 мыңға жуық ұжымдық шарт жасалды. Бұл жұмыс орнындағы әлеуметтік шиеленіс пен жарақаттануды айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Ұжымдық шарт жасалған жағдайда тұрақты және өнімділігі жоғары еңбек ұжымы құрылады. Бұл, әрине, елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етеді.


 


 

Өзгелердің жаңалығы