Еңбегімен ел алғысына бөленген Бекзат

Бөлісу:
Еңбегімен ел алғысына бөленген Бекзат
VIDEO
Фото: Асылхан Жуланов

Қазіргі қоғамда адал еңбегімен көпке үлгі болып жүрген азаматтар жетерлік. Солардың бірі – Астана тұрғыны Бекзат Бүркітов. Ол мүмкіндігі шектеулі азаматтарға цифрлық технологияларды тегін үйретумен айналысады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еңбегімен ел алғысына бөленген Бекзат

Бекзат Бүркітов 5 жылдан бері елордадағы қоғамдық бірлестіктердің бірінде IT-маман болып еңбек етеді. Оның қызметі – ерекше қажеттілігі бар адамдарға компьютер тілін үйрету. Бүгінде Бекзаттың көмегімен талай мүмкіндігі шектеулі азамат цифрлық технологияларды меңгеріп алған. Соның арқасында олар мемлекет тарапынан көрсетілетін көптеген қызметтерді үйлерінен шықпай-ақ алып жүр.

Айтпақшы, Бекзаттың өзі де ауыр дертке шалдыққан. Ол туғанынан сал ауруымен ауырады. Бірақ соған қарамастан, жігері мен еңбегінің арқасында өзгелермен бірдей жұмыс істеп, табысқа жетіп жүр. Сонымен қатар, Бекзат Бүркітов кәсіби спортшы. Оның қол күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері деген атағы бар.

Видео: BAQ.KZ

Өзгелердің жаңалығы