Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы тамызда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 31 982 теңгені құрады. Бұл туралы Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқи отырыңыз:
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2019 жылғы тамызда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 21% жоғарылады.
Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі – 18,9%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны, жемістер мен көкөністерді – 13,7%-дан, нан және жарма өнімдерін – 6,9%, қант, шай және дәмдеуіштерді 1,8% құрады.
