Ең көп жұмыс істеп, аз жалақы алатын өңір анықталды

10 Мамыр 2021, 21:58
2735
Бөлісу:
 Ең көп жұмыс істеп, аз жалақы алатын өңір анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың бірінші тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 230,8 мың теңгені құрады. Өткен тоқсанда 233,1 мың теңге болған еді, бір жыл бұрын — 200,3 мың теңге болды. Бұл туралы finprom.kz сайты хабарлады.

Тек төрт өңірінде орташа айлық жалақы орташа республикалық деңгейден жоғары. Бұл тұрғыда Атырау облысы көш бастап тұр (орташа айлық жалақы — 405,8 мың теңге), одан кейін Маңғыстау облысы (344,3 мың теңге), сондай-ақ Нұр-Сұлтан (307,5 мың теңге) және Алматы (268,5 мың теңге) қалалары тұр.

Қалған өңірлерде орташа айлық жалақы орташа республикалық мәннен төмен. Ең төменгі орташа жалақы Солтүстік Қазақстан облысында - 166,7 мың теңге — ел бойынша орташа көрсеткіштен 27,8%-ға аз және жетекші Атырау облысына қарағанда 2,4 есе аз.

2021 жылдың бірінші тоқсанында жұмыспен өтелген сағаттардың ең көп саны орташа айлық жалақы бойынша көшбасшы Атырау облысында: 457,6 сағат немесе орта есеппен 1 айда 152,5 сағат.

Бір қызығы, келесі кезекте Солтүстік Қазақстан облысы тұр, мұнда орташа айлық жалақы ең аз: 447,7 сағат немесе орта есеппен 1 айда 149,2 сағат.

Салыстыру үшін: Маңғыстау облысында 2021 жылдың бірінші тоқсанында бір қызметкерге есептегенде жұмыс істеген уақыты 447,3 сағатты немесе орта есеппен 1 айда 149,1 сағат болды, ал орташа айлық жалақысы бойынша облыс екінші орында.

 



Өзгелердің жаңалығы