Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ең көп көлік жүретін ақылы жолдар анықталды

13 Қараша 2025, 13:54
418
Бөлісу:
 Қазавтожол
Фото: Қазавтожол

2025 жылдың басынан бері Қазақстандағы автокөлік жүргізушілері ақылы жолдар арқылы 62 миллионнан астам рет жүрген. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" АҚ мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ең көп қозғалыс тіркелген учаскелер:

Алматы – Қонаев — 10 млн өту;

Шымкент – Өзбекстан шекарасы — 7,8 млн;

Шымкент – Тараз — 5,5 млн;

Тараз – Қайнар — 4,6 млн;

Шымкент – Қызылорда — 4 млн.

Жетілікке сонымен қатар келесі жолдар кірді: Астана – Теміртау, Қонаев – Талдықорған, Астана – Щучинск, Щучинск – Көкшетау және Астана – Павлодар.

Компания мәліметінше, ақылы жолдардың жоғары жүктемесі заманауи төлем және жол қызмет көрсету технологияларының тиімділігін көрсетеді. 

Ақылы учаскелерден жиналған қаражат жолдарды күтіп ұстауға, жарықтандыруды орнатуға және жол инфрақұрылымын дамытуға бағытталады.

Сонымен қатар, заманауи автомагистральдардың сапасы мен ұзындығының артуы жүк тасымалының жылдамдауына, өңірлердің дамуына және экономиканың өсуіне ықпал етеді.

Өзгелердің жаңалығы