Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Forbes журналының мәліметінше, Германия канцлері Ангела Меркель 2019 жылы әлемдегі ең беделді топ-100 әйелдердің тізімін бастады.
Кристин Лагард
Алғашқы үштікке Халықаралық валюталық қордың басшысы және Еуропалық орталық банкінің төрайымы Кристин Лагард, сондай-ақ АҚШ Конгресі Өкілдерінің палатасы спикері Нэнси Пелоси енді.
Нэнси Пелоси
Төртінші орынды Еурокомиссия төрайымы лауазымына алғаш тағайындалған әйел адам - Урсула фон дер Ляйен иеленді.
Урсула фон дер Ляйен
Рейтингтің 20-орнына - америкалық тележүргізуші Опра Уинфри, ал 40-орнына Британия патшайымы Елизавета II. Сонымен қатар, Дональд Трамптың қызы Иванка Трамп 42-орынға тұрақтады.
Опра Уинфри
Елизавета II
Иванка Трамп
Швециялық экологиялық белсенділердің бірі - 16 жастағы Грета Тунберг ең соңғы 100-орынға табан тіреп, беделді әйелдердің тізімін тәмамдады.
Грета Тунберг
Айта кетейік, неміс саясаткері Ангела Меркель 9 жыл қатарынан рейтингтің бірінші орнын иемденіп келеді.