Эмомали Рахмон ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қазақстан астанасына келді

Тәжікстан Президентін Астана әуежайында Премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Үкімет 3 Шілде 2024 2024, 15:12
3 Шілде 2024 2024, 15:12
844
Фото: Үкімет

Тәжікстан Президентін Астана әуежайында Премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Эмомали Рахмон 3-4 шілдеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады. 

Тәжікстан 2001 жылы ұйым құрылғаннан бері ШЫҰ-ның мүшесі. Соңғы 5 жылда тек Қазақстанмен тауар айналымы 48,2%-ға ұлғайып, $1,1 млрд құрады. 

ШЫҰ аясында да осы кезеңде барлық қатысушы елдер арасында 2019 жылы $42 млрд-тан 2023 жылы $66 млрд-қа дейін аталған көрсеткіштің тұрақты өсуі тіркелуде.

Наверх