Емханаға тіркелу үшін қандай құжаттар керек?

11 Қыркүйек 2020, 13:03
3556
Бөлісу:
Емханаға тіркелу үшін қандай құжаттар керек?

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы № 5 емхананың бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Толқын Разинова онлайн брифинг барысында емханаға тіркелу тәртібі жайында баяндады.

Оның айтуынша, жыл сайын 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында мегаполис тұрғындарына өз қалауы бойынша емханаға тіркелу мүмкіндігі беріледі.  
Тұрғындарды емханаға тіркеу мынадай қағидаттар бойынша жүзеге асырылады: тұрғындар тұрғылықты мекен-жайы бойынша қол жетімді емханаға, яғни өз ауданындағы емхананы таңдай алады. Оған қоса Медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) ұйымы мен маманын еркін таңдау мүмкіндігі бар. Оған жалпы тәжірибе дәрігері, учаскелік дәрігер, терапевт, учаскелік педиатр кіреді. Емханаға бас дәрігердің атына жазбаша түрде жеке жүгінген кезде немесе egov.kz электрондық үкімет порталына кіру арқылы тіркеле аласыз,-дейді ол.
Қызмет көрсету мерзімі 1 жұмыс күнін құрайды және тегін көрсетіледі. Тұрғындар тек бір емханаға және жылына бір рет қана тіркеле алады. Егер сіз жаңа емханаға тіркелсеңіз, бұрынғы ұйымынан автоматты түрде тіркеуден шығарыласыз.
МСАК ұйымын еркін таңдау құқығын пайдаланбаған адам бұрын қызмет көрсетілген ұйымына тіркелген болып қала береді. Тіркеу тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша жүзеге асырылады. Тіркеу науқаны кезеңінде тіркелген адамдар осы ұйымда келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық көмек алады,-дейді Толқын Разинова.
Емханаға тіркелу үшін қажетті құжаттар:

- жеке басын куәландыратын құжат, зейнеткерлер - зейнеткер куәлігі; 
- мүгедектер - зейнетақы куәлігі немесе медициналық-әлеуметтік сараптаманы куәландыру актісінен үзінді; 
- ҚР тыс жерде туылған балалар – шет мемлекетте туылғандығын растайтын құжат.


Өзгелердің жаңалығы