Эмин Әскеров: 2022 жылды әлеуметтік кәсіпкерлік жылы деп жариялауды ұсынамын

25 Ақпан 2021, 11:21
1607
Бөлісу:
Эмин Әскеров: 2022 жылды әлеуметтік кәсіпкерлік жылы деп жариялауды ұсынамын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, әлеуметтік кәсіпкер Эмин Әскеров Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында айтты. 

Осы мүмкіндікті пайдаланып, 3 ұсынысымды алға тартқым келеді. Бірінші - өңірлік деңгейді әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік тетіктерін ұсыну. Екінші – әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуды әрекеттегі мемлекеттік бағдарламалар құрамына қосу. Себебі «Еңбек» сынды жұмыс істеп тұрған мемлекеттік бағдарламалар құрамына әлеуметтік кәсіпкерлікті енгізуге болады, - деді Әскеров. 

Ол биыл «Әлеуметтік кәсіпкерлік туралы» заң жобасы енгізілетін болып, жаңа тренд мүшелеріне жағдай жасалатын болса, келер немесе 2023 жылды әлеуметтік кәсіпкерлік жылы ретінде жариялауды ұсынды. 

Сондай-ақ Әскеров болашақта әлеуметтік кәсіпкерлік мәселесі елді толғандыратын мәселеге айналатынын айтты. 

Мен әлеуметтік кәсіпкерлерлікті дамытуды қолдаймын. Ұлттық қоғамдық кеңес отырысы аясында бірқатар бастама жүзеге асырылды, - деді ол.
Еске салсақ, бүгін елордада Ұлттық кеңестің отырысы өтіп жатыр. Бұған дейін отырыста сөз сөйлеген Ерлан Қарин саяси реформалардың 3-пакеті аясында қандай заңдар қаралатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы