Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Эми дауылы: Амстердам әуежайында ондаған рейс кейінге қалдырылды

4 Қазан 2025, 21:25
505
Бөлісу:
 freepik.com
Фото: freepik.com

Еуропадағы ең ірі әуежайлардың бірі — Амстердамдағы Схипхол әуежайында "Эми" дауылының жақындауына байланысты ондаған әуе рейсі тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Кемінде 80 ұшып келу және 70-тен астам ұшып кету рейсі кейінге қалдырылған немесе толықтай тоқтатылған. Сонымен қатар, қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты кейбір рейстердің уақыты кешіктірілуде.

Рейстердің басым бөлігі KLM әуе компаниясына — Air France-KLM тобының нидерландтық бөлімшесіне тиесілі болған. Компания алдағы күндері дауыл ел аумағынан өткенше қосымша кешігулер мен рейстердің күшін жоюы мүмкін екенін ескертті.

Нидерландтың Корольдік метеорологиялық институты (KNMI) дауыл туралы ескерту жариялады: жағалау аймақтарында желдің екпіні сағатына 90 км-ге дейін, ал орталық және ішкі өңірлерде 75 км/сағатқа дейін жетуі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы