Эльжана Таниева – үздік үштікте

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық гимнаст Эльжана Таниева әлем кубогі кезеңінің қола жүлдегері атанды.

13 Сәуір 2022 2022, 07:34
АВТОР
 13 Сәуір 2022 2022, 07:34
13 Сәуір 2022 2022, 07:34
1872

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық гимнаст Елжан Таниева әлем кубогі кезеңінің қола жүлдегері атанды.

Болгарияның София қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогі кезеңі мәресіне жетті. Қазақстан құрамасының спортшысы Эльжана Таниева аталған әлемдік бәсекеде қола жүлдеге ие болды. Ол ұршықпен жаттығу бойынша финалда 28,7 ұпайын еншіледі.

Айта кету керек, болгариялық Стильяна Николова жарыс жеңімпазы атанса, италиялық София Раффаэли күміс медаль алды.

Наверх