Эльжана Таниева көркем гимнастикадан әлем кубогінің қола жүлдегері атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық гимнаст Эльжана Таниева әлем кубогі кезеңінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлады Olympic.kz.

 11 Сәуір 2022 2022, 12:40
11 Сәуір 2022 2022, 12:40
1548

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық гимнаст Эльжана Таниева әлем кубогі кезеңінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлады Olympic.kz.

София (Болгария) көркем гимнастикадан әлем кубогі мәресіне жетті. Қазақстан құрамасының спортшысы Эльжана Таниева аталған әлемдік бәсекеде қола жүлдеге ие болды. 

Ол ұршықпен жаттығу бойынша финалда 28,7 ұпайын еншіледі. 

Айта кетерлігі, болгариялық Стильяна Николова жарыс жеңімпазы атанса, итальяндық София Раффаэли күміспен күптелді.

 

Наверх