Эльжана Таниева Испаниядағы гран-при турнирінде алтын медаль жеңіп алды

11 Наурыз 2024, 04:40
479
Бөлісу:
Эльжана Таниева Испаниядағы гран-при турнирінде алтын медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz

Испанияның Марбелье қаласында өткен көркем гимнастикадан Гран-при турнирінде қазақстандық Эльжана Таниева алтын медаль алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Olympic.kz жазуы бойынша,Таниева доп жаттығуынан өткен финалда 33.400 ұпаймен алтын жүлдегер атанды.

Бұл сында өзбекстандық спортшы күміс медаль (32.600) иегері атанса, словениялық гимнасшы (32.200) үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетелік, бұл Эльжана Таниева жаңа маусымдағы халықаралық сында жеңіп алған алғашқы алтын медалі.

Өзгелердің жаңалығы