Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының үздігі Эльжана Таниева Болгария астанасы Софияда өткен әлем кубогі кезеңінде бақ сынады, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы көпсайыс қорытындысы бойынша 131.400 ұпай жинап, бесінші орынға табан тіреді.
Сондай-ақ, жекелеген жаттығулар бойынша финалда өнер көрсетті. Атап айтар болсақ, ұршық және таспа жаттығуында ақтық сынға шықты.
Нәтижесінде, ұршық жаттығуы бойынша төртінші орынға тұрақтады.