Елорданың туған күнінде Астанада Bаurzhan foundation қоры ұйымдастыратын жыл сайынғы KITAP FEST кітап фестивалі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Фестиваль - 2014 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келе жатқан халықаралық деңгейдегі Қазақстанның жалғыз кітап фестивалі. Биыл фестиваль елорда күніне арналып, Астана қаласы әкімдігінің «Креативті индустрияларды дамыту орталығы» МКҚК қолдауымен өткізілді.
Жобаның басты мақсаты - оқырман мәдениетін қалыптастыру, жазушылар мен олардың оқырмандары үшін бірыңғай алаң құру, балалар мен жастар арасында кітапқа деген қызығушылықты арттыру.
Біз бұл фестивальді Қазақстанның барлық аймағында өткізгіміз келеді, өйткені сұраныс бар. Қазірдің өзінде көп жұмыс жасалды. Жаңа Қазақстанға білімді жастар қажет деп санаймын. Сондықтан қоғамда кітап оқуды насихаттау өте маңызды. Бүгін, Елорданың туған күнінде біздің фестиваль тағы да кітапсүйер қауыммен қауышты. Kitap Fest кітап әуесқойлары үшін ғана емес, сонымен қатар үлкен отбасылық мерекеге айналды. Жыл сайын біз балалар мен ересектерге қызықты әрі ауқымды бағдарлама ұсынамыз. Фестивальде әр адам өзіне пайдалы және қызықты дүние табады. Біз отандық әдебиеттің дамуына өз үлесімізді қосуға, жас жазушылар мен олардың шығарылатын кітаптарын қолдауға ұмтыламыз, - деді Kitap FEST фестивалінің бас үйлестірушісі Майра Әлжанова.
Kitap Fest кітап фестивалі - 2014 жылдан бері өткізіліп келе жатқан қазақстандықтардың өміріндегі мәдени-бұқаралық іс-шара, ол республикалық ауқымдағы алғашқы кітап фестивалі. 9 жыл ішінде ол шығармашылық жазушылық кездесулердің беделді және қуатты алаңына, сондай-ақ отбасылық мерекеге айналды. Фестиваль жылдарында белгілі қазақстандық авторлар мен баспалардың қатысуымен 300-ден астам кітап таныстырылды. Kitap Fest мәдени-ағартушылық іс-шараға айналды, ол миллиондаған көрерменнің сүйіспеншілігіне ие болды.
Биыл Астана күніне орай астаналықтар үшін 10 сағаттық мәдени байыту-кітап-иллюстрацияланған көрме, қазақстандық жазушылармен және пікір көшбасшыларымен кездесу және шеберлік сыныптары, конкурстар мен акциялар, балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы, сондай-ақ, Қазақстанның ірі баспалары мен кітап дүкендері ұсынған жәрмеңке өтті.
Ең кішкентай келушілерді түрлі ойындар, квесттер, шеберлік сыныптары, аниматорлар қуантты. Сондай-ақ қуыршақ театрынан «Алдар көсе» спектаклі ұсынылды.
Фестиваль қонақтары әкелінген кітаптармен алмасуға, ұнаған кітаптарды жеңілдікпен сатып алуға немесе оларды толығымен тегін алуға мүмкіндік алды. Биылғы кітап фестивалінде әр түрлі жанрдағы 2 000-ға жуық тегін кітаптар таратылды.
Сонымен қатар, фестиваль аясында Әйгерім Мұсағажинова, Үнзила Мыңбай, Динара Болат, Зәуре Төрехан, Перизат Мырзахмет және басқа да көптеген жазушылар мен блогерлер өздерінің жаңа кітаптарын таныстырды. Кітап авторлары қазіргі әдебиеттегі өзгеріп жатқан тенденция туралы айтты. «Офлайн кітаптар туралы» жеке шатырда танымал жазушылар, блогерлер, психологтар өз тәжірибелерімен бөлісті. Жас жазушылар мен баспагерлер үшін кітаптарды насихаттаудың құпиялары, авторлық құқықты қорғау туралы дәрістер мен семинарлар өткізілді. Сондай-ақ фестивальде «Ауылға кітап» акциясы өтті, онда әрбір адам кітапты Қазақстанның ауылдық кітапханаларына тапсыруға мүмкіндік алды.
Мысалы, белгілі қазақстандық жазушы Зәуре Төрехан өзінің «Күйекөбелектер шаһары» атты жаңа кітабын таныстырды. Ол кітапты Қазақстанда және шетелде басып шығару жолдарын туралы айтты. Жазушының пікірінше, Kitap Fest шығармашылық кездесулер үшін беделді және қуатты алаңға айналды.
Ұйымдастырушыларға осындай керемет іс-шара үшін үлкен алғыс айтқым келеді. Бүгінгі кітап фестиваліне біздің мақсатты аудиториямыздың көп бөлігі келді десем болады. Көңіл-күй өте керемет, оқырмандар қауымыммен жолығып пікір алмасуға керемет мүмкіндік туды, - дейді жазушы.
Жазушы Диана Батищева 8 жасында кітап жазу болу жолын айтып, баланың жеке басының дамуындағы әдебиеттің рөлі туралы тәжірибесін бөлісті.
Елімізде жазушыларға ортақ алаң құратын осындай тамаша іс шаралар көп болса екен. Сүйікті астанамыздың туған күнінде қала тұрғындары үшін кітап фестивалі пайдалы әрі қызықты мерекеге айналды. Қазақстандықтарды, әсіресе жастарды кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған бұл фестивальдің болашағы зор деп ойлаймын, - деп атап өтті жазушы.