Елорданың төрт ауданында аулалар абаттандырылып жатыр

29 Маусым 2021, 23:15
1786
Бөлісу:
Елорданың төрт ауданында аулалар абаттандырылып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 2020 жылы 150-ден астам аула мен 60 қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырылды, бұл 76 гектардан астам аумақты құрайды. Биыл 150 аула мен 40 қоғамдық кеңістік салынады және жөнделеді. Қоғамдық кеңістікті абаттандыру үшін аулалар мен орындар қалай анықталатыны туралы аудандық әкімдіктерде айтылды деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Алаңдар мен аулаларды абаттандыру инженерлік-көлік инфрақұрылымын қамтамасыз ете отырып, Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс жөніндегі 2019-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарға сәйкес сәйкес жүргізіледі.

Байқоңыр ауданында 9 аула мен бір қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Жаңғырту және қалпына келтіру жұмыстары «Кирпичный», «Қазқалашық» және «Өндіріс» тұрғын үй алаптарында жүргізілді. Абаттандыру бөлімінің мәліметінше жөндеу жұмыстары үшін аулалар тұрғындар өтініші бойынша таңдалған. 

Елорданың төрт ауданында аулалар абаттандырылып жатыр

Аула аумақтарын шағын сәулет нысандарына тексеру жүргізілгеннен кейін ақау актісі жасалады және одан кейін тұрғын үй алаптарындағы аулалар абаттандырылатын аулалар тізіміне енгізіледі. Сонымен қатар, тұрғындардың өтініштері әлеуметтік желілер, жазбаша өтініштер және «iKomek109» қызметі арқылы өңделеді. Барлық аулаларда сыртқы келбеті, қауіпсіздігі және ыңғайлылығы сияқты параметрлер жақсартылған, - деп хабарлады Байқоңыр ауданы әкімдігінің абаттандыру бөлімінің бас маманы Рауан Елембаев.

Алматы ауданында 2020 жылы «Күйгенжар», «Оңтүстік-Шығыс», «Мичурина» және «Достық» тұрғын алаптарында жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2021 жылы «Ескендір» және «Сұңқар» тұрғын үй кешендеріндегі 20 аула аумағы абаттандырылады. Сондай-ақ, ауданда қоғамдық кеңістікті абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі таңда тұрғын үй алаптарындағы жабдықталған балалар алаңдары халық арасында танымал. Балалар алаңдары қауіпсіздігімен және көпфункционалдылығымен ерекшеленеді. Жаңа ойын алаңдары заманауи дизайнмен және өзіндік ерекшелігімен балаларды қызықтырады және қуантады. Work out алаңдарын жабдықтау және тренажерлер орнату азаматтарды спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын қолдауға ынталандырады, - деп атап өтті Алматы ауданы әкімдігінің абаттандыру бөліміндегілер.

Өткен жылы Сарыарқа ауданында 14 аула және 5 қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Аулаларда 19 балалар алаңы орнатылды, 4 футбол алаңы, 1 баскетбол алаңы салынды және жөнделді. 

2021 жылы ауданда қосымша 4 аула мен 3 қоғамдық кеңістік абаттандырылмақ.

Есіл ауданында 26 аула абаттандырылып, 6 қоғамдық кеңістік жабдықталды. 2020 жылы шеткері аймақтарда абаттандыру және қоғамдық кеңістіктер құру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Спорттық тренажерлар, ойын кешендері бар үлкен көлемдегі алаңдарды құруға ерекше көңіл бөлінді. Орынды таңдау кезінде аумақтың тығыз орналасуына, жалпыға қолжетімділікке назар аударылды.

Біз балалар алаңдарын, work out аймақтарын салуға, жасанды және резеңке жабыны бар спорт алаңдарын салуға ерекше назар аударамыз. Алаңдарды әзірлеу және салу кезінде тұрғындар мен қоғамдық ұйымдардың пікірін ескереміз, - деді Есіл ауданы әкімдігінің абаттандыру бөлімінің басшысы Жарқын Айтжанов.

Жөндеу жұмыстары Пригородный, Үркер, Тельмано сияқты тұрғын алаптарында жүргізілді. Айта кету керек, «Пригородный» т/а соңғы 10 жыл ішінде жөндеу жүргізілмеген. 

Жобалау кезінде бір топ бала бір уақытта ойнай алатындай форматқа ерекше назар аударылды. Әмбебап платформалар бөлек орнатылды, яғни қыста хоккей, ал жазда футбол ойнай аласыз. Баскетбол алаңдары да орнатылды. Жұмыстарды жүргізу кезінде демалатын тыныш, жеке аймақтар – отыратын орындары, орындықтары, жасыл желектері, көшені жарықтандыру, жаяу жүргіншілер аймағы көзделеді, - деп толықтырды Жарқын Айтжаров.

Оның айтуынша, аулаларды абаттандыру кезінде сертификатталған шағын сәулет нысандары, жарақаттан қорғайтын қауіпсіз резеңке жабын қолданылады. Барлық жұмыстар алдын ала әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалар бойынша жүргізілді және жүргізілуде. Абаттандыруға тек аудан әкімдіктері ғана емес, инвесторлар да қатысып жатыр. Биыл құрылыс қарқыны артты.

Елорданың төрт ауданында аулалар абаттандырылып жатыр

Айта кету керек, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қоғамдық кеңістіктерді — саябақтарды, гүлзарларды, желекжолдарды, бақтарды абаттандыру кезінде көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінеді. 

Елорда әкімі Алтай Көлгінов бұған дейін хабарлағандай, биыл көгалдандырудың ерекшелігі аула аумақтары, саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар мен тұрғын үй массивтерінен басқа, қаланың көрікті жерлерінің іргелес аумақтарын көгалдандыру жұмысына кірісу болды.

Мысалы, Қ.Қуанышбаев атындағы жаңа қазақ музыкалық-драма театры мен «Астана Балет» аумағында жасыл бақ, Триатлон-паркте — мамыргүл, ал «Астана Опера» жанында емен бағы болады. Қазір қала бойынша барлық жерде көшеттер отырғызылуда. Қаланы көгалдандыруға жеке қатысамын. Елорданың барлық ауданын, соның ішінде тұрғын үй алаптарын көгалдандырудамыз, - деді әкім.

2021 жылы бір млн-нан астам жасыл желек – ағаштар, бұталар, көшеттер отырғызу жоспарланған.

 


Өзгелердің жаңалығы