Елорданың медициналық мекемелері қала тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады

19 Наурыз 2022, 12:57
1398
Бөлісу:
Елорданың медициналық мекемелері қала тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық медициналық ұйымдарда медицина қызметкерлері Наурыз мерекесіне орай дәрігерлік көмекке жүгінген қала тұрғындары үшін мереке ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мысалы, бірнеше емханада пациенттерге арнап ғимарат іші безендірілді. Оларды ұлттық тағамдармен, сусындармен, Наурыз мерекесіне орай ұлттық киімде қарсы алды.

Мерекелік іс-шара домбырада халық әндерін орындаумен, қазақтың әдет-ғұрыптарын білуге арналған шағын викториналармен және т.б. жалғасты.

Сондай-ақ көктем мерекесіне орай №4 емхананың әлеуметтік қызметкерлері мен психологтары «Алтын жылдар» клубының қатысушыларымен бірлесіп, шағын іс-шара өткізді. Олар үшін арт-терапия мен зияткерлік викторина ұйымдастырылды.

№3 көпбейінді ауруханада (мекенжайы: Ә.Молдағұлова көшесі, 26) 19 наурызда сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін қала тұрғындары үшін Ашық есік күні өтеді. Онда олар аясы тар мамандардың кеңесін тегін ала алады.

Елорданың тағы бір отбасылық-дәрігерлік амбулаториясының медицина қызметкерлері ауыр халде жатқан онкологиясы бар балалардың үйлеріне азық-түлік жеткізді. Бүгін дәрігерлер мен медбикелер науқастарды ұлттық киімде қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы