Елорданың медицина ұйымдарында 25 616 кемшілік анықталды

31 Желтоқсан 2021, 09:18
1422
Бөлісу:
Елорданың медицина ұйымдарында 25 616 кемшілік анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арнайы бекітілген кесте бойынша халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің дұрыс көрсетілуін бақылап, оның сапасы мен көлеміне тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады. 

Сондай-ақ, азаматтардан түскен шағым-арыздар бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.

Қордың Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы ағымдағы жылы елордадағы медициналық қызмет жеткізушілердің 25 616 кемшілігін (980 млн.теңгеден аса сомаға) анықтады» деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елордалық филиалының сарапшылары жүргізген ағымдағы, мақсатты, проактивті және  жоспардан тыс мониторинг қорытындысы бойынша анықталған барлық кемшіліктердің 13,1%-ы стационарларға, 76,8%-ы жан басына шаққандағы кешенді нормативтен тыс консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетуге, 6,1%-ы амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуге тиесілі. 

«Медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы ағымдағы жылы елордадағы медициналық қызмет жеткізушілердің 25 616 кемшілігін (980 млн теңгеден аса сомаға) анықтады.

Медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізу бөлімі проактивті мониторинг аясында 65 медицина ұйымын тексерді. 1-сатыда  586 млн.теңгеге жуық сома көлемінде 10 284 кемшілік (дефект) анықталды. Оның ішінде 5 970 кемшілік (дефект) 45 күн ішінде түзетілді. 2-саты қорытындысы бойынша 173,5 млн теңге сомасында 4 353 кемшілік (дефект) анықталды. 

Мақсатты мониторинг аясында 3 103 кемшілік (дефект) анықталып, 105,7 млн теңге алынды.

Сондай-ақ, азаматтардан түскен шағымдар негізінде 153 жоспардан тыс мониторинг бойынша қорытынды жасады, соның ішінде 84 шағым негізді-дәлелді болды. Жоспардан тыс мониторингтік тексеру бойынша алынған сома 90 млн.теңгеден асады» - деп мәлімдеді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров МӘМС жөніндегі Аймақтық штаб отырысында.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдан бастап Қор  медициналық қызмет жеткізуші ұйымдар тарапынан болатын бұрмалаушылықтардың алдын алу үшін мониторингтің жаңа түрін – проактивті мониторинг енгізді. Енді ақау-кемшіліктер анықталған жағдайда, жеткізуші қорытындыға қол қойылған күннен бастап 45 күнтізбелік күн ішінде орындалмаған міндеттемелер мен анықталған ақау-кемшіліктерді түзетуі тиіс. Көрсетілген мерзімде ақау-кемшіліктер жойылмаған жағдайда қаржылай өндіру шараларын қолдануға тура келеді. 

Бұл жаңадан енгізілген проактивті мониторинг медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға және жеткізушілермен сенімді қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. 

 Мониторинг жүргізу кезінде анықталған бұрмалаулар бойынша айтар болсақ, негізінен қызмет жеткізушілер медициналық көмек көрсету кезінде сырқатты диагностикалау және емдеу хаттамасын сақтамайды, ақпарат жүйесіне деректерді дұрыс енгізбейді, медициналық көмек үшін ақы төлеуге ұсынған кезде қызмет коэффициенттерін көтеріп қояды, медициналық қызметтің көрсетілуі расталмаған жағдайлар кездеседі, - деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры елорда филиалының директоры Н.Қабдықапаров.

Өзгелердің жаңалығы