Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Көші-қон қызметі мемлекеттік қызметтерді Жұмыспен қамту басқармасына бергенін еске салады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті баспасөз қызметі.
Ағымдағы жылдың 16 мамырынан бастап «Шетел азаматтарына еңбек рұқсаттарын беру және ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсетуге өтінімдерді қабылдауды және беруді Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9 мекенжайы бойынша Жұмыспен қамту басқармасының қызметкерлері жүзеге асырады. Сонымен қатар, өтініштерді қабылдауды және беруді Нұр-Сұлтан қаласы, А-82, 8 («Нұрлы жол» ТЖ вокзалы) мекенжайы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» ҰАҚ қызметкерлері жүзеге асырады.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 19 шілдедегі Жарлығына сәйкес Полиция департаменті «Шетелдік азаматтарға еңбек рұқсаттарын беру және ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету функциясын «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ-ге беруді жүзеге асырды.
Қажеттілікке байланысты «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ мемлекеттік қызметті қарау мерзімі 3 жұмыс күніне дейін ұзартылды. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында қажетті құжаттар тізбесімен танысуға болады.
Көші-қон қызметі басқармасы ҚР азаматтарына шетел азаматтарының еңбек рұқсаттарын алдын ала ұзартуды, ҚР болу мерзімдерін бұзбау керектігін ұсынады.