Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертеңнен, яғни 28 қыркүйектен бастап «Нұр-Сұлтан 1» теміржол вокзалының алаңында жаңартылған тұрақ платформасы іске қосылады. Бұл туралы қалалық «City Transportation Systems» ЖШС мәлімдеді.
Тұрақ платформасының маңызды жаңалықтарының бірі – көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірін тану. Яғни, жүйе ішке кірген-шыққан көліктердің мәліметтерін тіркеп отырады. Сондықтан паркинг пайдаланушылары кіру картасын бір-бірімен алмастыра алмайды және автотұрақта тұрған уақытының ақысын төлемей кете алмайды, - деп жазды компания Instagram-дағы парақшасына.Тұрақтың төлемақысы өзгерген жоқ және төлемді енді 6 тәсілмен жасауға мүмкіндік бар. Nsparking.kz мобильді қосымшасы, www.nsparking.kz сайты, Qiwi және Kaspi.kz, сондай-ақ, вокзалда орналасқан паркомат пен касса арқылы төлеуге болады.