Елорданың 75 кәсіпкерлеріне 2,3 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды

27 Қаңтар 2024, 10:35
630
Бөлісу:
Елорданың 75 кәсіпкерлеріне 2,3 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды
Фото: Арман Мухатов

Мемлекеттік сатып алу барысында кәсіпкерлердің құқықтарының сақталуына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша медициналық мекемелердің 75 бизнес субъектілеріне 2,3 млн теңгеден астам соммаға кепілдіктерді қайтармау фактілері анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның нормаларына сәйкес өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарады, - делінген Астана қаласының прокуратурасы таратқан ақпаратта.

Сарыарқа ауданы прокуратурасының прокурорлық қадағалау актісі негізінде кәсіпкерлерге келісім-шарт соммасының 3% мөлшерінде кепілдік төлем қайтарылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы