Елорданың 24 жастағы тұрғыны алаяқтық үшін ұсталды

5 Мамыр 2022, 22:05
1056
Бөлісу:
Елорданың 24 жастағы тұрғыны алаяқтық үшін ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың 24 жастағы тұрғыны алаяқтық үшін ұсталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Жас жігіттің «ОЛХ» жеке хабарландыру сайтында «iPhone 7» ұялы телефоны сатылатыны туралы жарияланым тапқаны анықталды. Содан күдікті ұялы телефонның иесімен хабарласып, Күйші Дина көшесінде кездесуге келіседі және онда жәбірленушіге телефон үшін төлемді бір аптадан кейін төлейтінін уәде етеді. Жас жігітке сенім артқан әйел 50 мың теңге тұратын телефонын табыстайды. Осылайша, күдікті өзгенің мүлкін алдап иемденіп, келесі күні сатып ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Ал жәбірленуші біршама уақыттан кейін жас жігітке қоңырау соғып хабарласа алмаған соң оның сатып алушы емес алаяқ екенін түсініп полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікті ұсталды, – делінген хабарладмада.

Қазіргі уақытта оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған адамның ұрлық жасағаны үшін бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. 

Полиция қырағы болуды және бейтаныс адамдарға сенбеуді ЕСКЕРТЕДІ!

Өзгелердің жаңалығы