Елорданың травматологиялық пункттері қалай жұмыс істейді

11 Қараша 2019, 16:15
4357
Бөлісу:
Елорданың травматологиялық пункттері қалай жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы 2 күнде елордалық травматологиялық пункттерге 60 адам жүгінген. Оның ішінде 29 бала көктайғақтан жарақат алған. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайтында хабарланды.

Нұр-Сұлтанда 4 травмпункт пен емханалардағы 20 травматологиялық кабинет травматологиялық көмек көрсетеді. Сонымен, №1 қалалық аурухананың трамвпункті Есіл ауданының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Орталық жол ауруханасының жарақат пункті – Сарыарқа ауданының тұрғындарына арналған. 

Ал Травматология және ортопедия ҒЗИ Алматы және Байқоңыр аудандарына көмек көрсетеді. Бұл ретте балалар үшін №2 қалалық балалар ауруханасының жарақат пункті жұмыс істейді. 

Емханалардың жұмыс уақыты 08-ден 20:00-ге дейін. Бұл мекемелердің көмегіне пациенттер тұрғылықты жері бойынша жүгіне алады (анықтамалық ақпарат 109 арқылы).


Өзгелердің жаңалығы