Елорданың төтенше жағдайлар қызметі дабылды ескерту жариялады

30 Тамыз 2019, 12:10
1491
Бөлісу:
Елорданың төтенше жағдайлар қызметі дабылды ескерту жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 30 тамызда найзағай, бұршақ күтілетінін хабарлады. Оңтүстік-батыстан 20 м/с дейін жел соғады.

"Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығы кезінде сақтық шараларын сақтауды ескертеді:

Қатты жел, найзағай мен бұршақ жауғанда:

- мүмкіндігінше ауа райының қолайсыздығын күрделі құрылыс объектілерінде күтіңіз;

- көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;

- жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз;

- пәтер мен үйлерде барлық терезелерді нық жабыңыздар;

- автокөлік құралын жүргізіп келе жатсаңыз, тұраққа қоюға тырысыңыз. Найзағай мен қатты нөсер жолдың көрінуіне кедергі болып, найзағай жарқылы жүргізушіге әсер етіп, Жол-көлік оқиғасына әкеп соқтыруы мүмкін.

- найзағай кезінде су қоймаларында шомылуға және балық аулауға болмайды;

-  үй- жайларда терезеден алшақ болып, электроқұралдарды қолданбауға тырысыңыз, бұршақ соңы найзағайға ұласуы мүмкін.

- құрылыс объектілеріне қолайсыз ауа райы жағдайы әсерінен аумақтарды және тұрғындарды қорғау, құрылыс алаңдарында мүмкіндігінше құрылыс-монтаж жұмыстарына шектеу  бойынша қосымша шараларды қабылдау қажет.

 Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз! ", - делінген Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД тартқан ақпаратта.



Өзгелердің жаңалығы