Астана әуежайында жанкүйерлер Михаил Шайдоровты Италияда өткен Милан-Кортина қысқы Олимпиадасынан тарихи жеңіспен оралуына байланысты салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Чемпион қолдау білдірген қазақстандықтарға алғыс айтып, ел намысын ақтау үлкен мақтаныш екенін жеткізді.
Әуежайдағы қарсы алу сәтінде Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов бұл жеңістің жас спортшыларға серпін беретінін атап өтсе, Геннадий Головкин спортшының табысын ел мерейі деп бағалады.
Іс-шара барысында конькимен мәнерлеп сырғанаудан федерация демеушілері атынан Михаил Шайдоровқа үш бөлмелі пәтер сертификаты табысталды. Сондай-ақ бас бапкер Әсем Қасанова мен үздік ондыққа енген Софья Самоделкинаға бір бөлмелі пәтер сертификаты берілді.