Елордалық жоғары оқу орнының әскери кафедрасында бес мыңнан астам запастағы офицер дайындалды

22 Ақпан 2022, 19:53
1664
Бөлісу:
Елордалық жоғары оқу орнының әскери кафедрасында бес мыңнан астам запастағы офицер дайындалды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазіргі кезеңдегі азаматтық жоғары оқу орындарындағы әскери даярлық» тақырыбында конференция өтті. Іс-шара университеттің әскери кафедрасына 20 жыл толуына арналды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Конференцияға қатысушылар әскери пәндерді оқыту әдістемесін, сондай-ақ әскери даярлықты ұйымдастырудың заманауи тенденциялары мен ерекшеліктерін талқылады. 

Елордалық жоғары оқу орнының әскери кафедрасында бес мыңнан астам запастағы офицер дайындалды

Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов әскери кафедраның тиімді жұмысын атап өтті. 

Осы уақыт ішінде университеттің әскери кафедрасы едәуір биіктерге қол жеткізіп, қазақстандық жоғары оқу орындары арасында лайықты орын алды. Кафедраның бірқатар түлектері кәсіби шеберліктері үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды. Мұнда 20 жыл ішінде Қазақстанның Қарулы Күштері үшін 5000-нан астам запастағы офицер даярланды. Олардың көбі бүгінде әскери борыштарын орындап жүр, – деді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Елордалық жоғары оқу орнының әскери кафедрасында бес мыңнан астам запастағы офицер дайындалды

Бүгінгі таңда университеттің әскери кафедрасы жеті әскери-есептік мамандық бойынша запастағы офицерлерді дайындайды. Студенттермен оқу сабақтарын запастағы офицерлер қатарынан тәжірибелі профессорлық-оқытушылар құрамы өткізеді.

Елордалық жоғары оқу орнының әскери кафедрасында бес мыңнан астам запастағы офицер дайындалды

Студенттерге білім беру үшін қажетті оқу-материалдық база бар. Мәселен, компьютерлік және интерактивті сыныптар, ұрысты басқару сыныбы, лазерлік-атыс кешені, сондай-ақ саптық алаң, тактикалық алаң, атыс қалашығы, жауынгерлік машиналар паркі және оқу-жаттығу қарулары. 

Әскери кафедраның базасында әскери-патриоттық тәрбиелеу орталығы құрылды. Онда ардагерлер мен әскери қызметшілердің қатысуымен түрлі шаралар тұрақты түрде өтіп тұрады. 

Конференцияға Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, Ұлттық қорғаныс университеті Бас штаб факультетінің бастығы запастағы генерал-лейтенант Абай Тасболатов, «Застава тарландары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы запастағы генерал-майор Тұрсын Уажанов, Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаменті бастығының орынбасары полковник Әсет Аққозынов, ЕҰУ әскери кафедрасының меңгерушісі запастағы генерал-майор Еділ Оразов, сондай-ақ ЖОО-ның оқытушылары мен студенттері қатысты. 

Конференция соңында генерал-майор Мұхамеджан Таласов профессорлық-оқытушылар құрамын құттықтап, Қорғаныс министрінің алғыс хаттарын табыс етті.

Өзгелердің жаңалығы