Елордалық жеті жасар оқушы халықаралық ғылыми олимпиадада алтын медаль алды

18 Ақпан 2025, 13:27
410
Бөлісу:
Елордалық жеті жасар оқушы халықаралық ғылыми олимпиадада алтын медаль алды
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігі

Астана қаласы №81 Astana English school халықаралық мектебінің 1-сынып оқушысы Нұрлан Нұрдаулет халықаралық "StemCo" халықаралық олимпиадасына қатысып алтын медаль иеленді, сол сияқты 4-сынып оқушысы Зере Ақболат үшінші орынға ие болып, қола медаль еншіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Алғашқы онлайн кезеңнен сүрінбей өткен жеті жастағы оқушы Сингапур қаласында өтетін финалдық кезеңге жолдама алды.

Елордалық жеті жасар оқушы халықаралық ғылыми олимпиадада алтын медаль алды

Өткен жылы ғана мектеп табалдырығын аттаған Нұрлан Нұрдаулет "Математика және science" пәні бойынша үздік нәтиже көрсетіп, қарсыластары ішінен оза шауып, бірінші орынға табан тіреп, еліміздің атын асқақтатты.

Елордалық жеті жасар оқушы халықаралық ғылыми олимпиадада алтын медаль алды

Ал ел намысын қорғаған Зере Ақболат "Жаратылыстану" пәні бойынша бақ сынап, қола медаль еншіледі.

Өзгелердің жаңалығы