Елордалық театр ұжымдары ерекше экологиялық челленджді бастады

Кеше, 19:52
223
Бөлісу:
Елордалық театр ұжымдары ерекше экологиялық челленджді бастады
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

"Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі"ауқымды экологиялық акциясы аясында Астана қаласы Мәдениет басқармасына қарасты Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры "Менің аулам" челленджін бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараның мақсаты – өз кезегінде ұжым ауланы таза ұстауға, отбасы мүшелерін ортақ бір іске жұмылдыруға, балалардың бойында қамқорлық пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталды. Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры аталған челленджді Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония ұжымына жолдап, тазалық пен жауапкершілік дәстүрін жалғастыруға үндеді.

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында осындай игі істі бастаудағы мақсатымыз – мәдениет мекемелері ұжымдарының аулаларды тазалап қана қоймай, өз отбасымен бірге пайдалы уақыт өткізуіне, сонымен қатар жас ұрпақты да жауапкершілікке, еңбекке баулуына үндеу. Өйткені өнер адамдарының көбінесе қойылымдары болады, жанұяға уақыт бөлуге көп уақыттары бола бермейді. Біз челенджді ұйымдастыру негізінде отбасы институтын дамыту, оның ішінде балаларға тәрбие беру сияқты аспектілерді қарастыруды ұйғарадық. Жалпы, бұл игі істі әр жұма сайын бір мәдениет мекемесі қолдайтын болады. Мәселен, "Менің аулам" челленджін келесі жұма Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясы ұжымы қолдап, әрі қарай жалғастыру үшін "Жастар сарайы" ұжымына жолдайтын болады», - деді мәдениет және өнерді дамыту бөлімінің басшысы Ақерке Жұманбаева.

Оның айтуынша, Астана қаласы Мәдениет басқармасына қарасты 14 мекеме бар. Яғни, әрбір мекеме жұма сайын осы челленджді жалғастырып отырмақ.

Өзгелердің жаңалығы