Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Елордалық студенттер қытай мәдениетіне саяхат жасады

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
16 Қыркүйек 2025, 17:19
538
Бөлісу:
PHOTO

Астанадағы Қытай Халық Республикасының елшілігі алғаш рет қазақстандықтарға өз есігін айқара ашты. Ашық есік күніне келгендер үшін Қытайға “саяхат” ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елшілік аумағында дәстүрлі қытай мәдениетінің көріністері ұсынылды. Келушілер шай рәсімінің нәзік дәстүрімен танысты, қытай каллиграфиясының қыр-сырын көрді, ежелгі Вэйцы ойынын ойнады. 

Елордалық студенттер қытай мәдениетіне саяхат жасады
Елордалық студенттер қытай мәдениетіне саяхат жасады

Ханьфу ұлттық киімінің үлгілері қонақтарға ежелгі Қытайдың сұлулығы мен эстетикасын паш етті.

Елордалық студенттер қытай мәдениетіне саяхат жасады
Елордалық студенттер қытай мәдениетіне саяхат жасады

Сонымен қатар көрме заманауи Қытайдың даму жетістіктерін де қамтыды. Мұнда қытайлық мобильді телефондар мен жаңа буын автомобильдері, жел генераторларының үлгілері мен медицинадағы заманауи жаңалықтар таныстырылды.

Елордалық студенттер қытай мәдениетіне саяхат жасады

Қытайдың тарихи-мәдени тамырлары өте терең. Ал бүгінгі шарада сіздер елдің мәдениетін де, қарқынды дамып келе жатқан әлеуетін де сезіне алдыңыздар. Қытай әрқашан өзге елдермен өзара тиімді ынтымақтастыққа және ортақ прогреске дайын, - деді Қазақстандағы Қытайдың Төтенше және өкілетті елшісі Хань Чуньлинь.

Елордалық студенттер қытай мәдениетіне саяхат жасады

Іс-шараға елордалық оқушылар мен студенттер де қатысты. Олар Қытайдың мәдениеті мен заманауи технологияларына ерекше қызығушылық танытты.

Елордалық студенттер қытай мәдениетіне саяхат жасады

Жастар қанаты “Жастар рухы” өкілдері Қытаймен тәжірибе алмасу туралы айтты.

Елордалық студенттер қытай мәдениетіне саяхат жасады
Елордалық студенттер қытай мәдениетіне саяхат жасады

Былтыр біздің делегация Пекин, Шанхай, Сиань қалаларында болды. Жастар Қытайдағы инновациялар мен мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауды өз көзімен көрді. Бұл бізге үлкен шабыт берді, - деді “Жастар рухы” жастар қанатының жетекшісі Акерке Искандерова.

Елордалық студенттер қытай мәдениетіне саяхат жасады
Елордалық студенттер қытай мәдениетіне саяхат жасады

Ашық есік күнінде сондай-ақ Қазақстан мен Қытайдың бірлескен кәсіпорындары өз өнімдерін көрсетті. Мысалы, көрмеге қатысушы компанияның бірі май, ұн және лапша өнімдерін таныстырса, Сиань қаласынан келген қытайлық дәрігерлер дәстүрлі медицинаның емдеу әдістерін көрсетті.

Елордалық студенттер қытай мәдениетіне саяхат жасады

Қатысушылардың айтуынша, шара Қытайды жаңа қырынан тануға мүмкіндік берді.

Елордалық студенттер қытай мәдениетіне саяхат жасады

Шай дәстүрі мен каллиграфиясы да, заманауи технологиялары да қатты әсер етті. Бұл біз үшін ерекше тәжірибе болды, - деді елордалық студент Дина Болатова.

Елордалық студенттер қытай мәдениетіне саяхат жасады

Ұйымдастырушылар мұндай ашық шаралар жастардың Қытай туралы білімін кеңейтіп қана қоймай, екі халық арасындағы достықты да нығайтатынына сенімді.

Өзгелердің жаңалығы