Елордалық құтқарушылар дүкендегі өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Оқи отырыңыз:
Астана қаласының Есіл ауданында Мәңгілік Ел көшесіндегі дүкенде сырт киім мен жиһаздың өртенуі орын алды.
Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында оттың таралуына жол берілмеді. Өрт толықтай 5 шаршы метр алаңда сөндірілді, зардап шеккендер жоқ, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.