Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәртіп сақшыларына арналған жаңа үлгідегі киімді әзірлеу – ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасы тармақтарының бірі, деп хабарлады polisia.kz.
Полицейлерге арналған киім үлгісін әртүрлі климаттық жағдайларда қызмет атқаратын қызметкерлердің ұсыныс-тілектерін ескере отырып, оларға барынша ыңғайлы әрі қолайлы етіп жасауға ерекше көңіл бөлінген.
Жаңа нысанды киім үлгілері дизайны және конструкциясы бойынша патрульдік полиция және сыртқы қызмет қызметкерлеріне арналған нысанды киімдер болып топтастырылған.
Учаскелік полиция инспекторларына арналған жекелеген нысанды киім әзірленген. Жетондар, эмблемалар, жұлдыздар және кокардалар тоқыма маталарға ауыстырылған. Осы ретте барлық сұлбасы бойынша жарық шағылыстыратын элементтерге ерекше көңіл бөлінген, бұл жолдағы қауіпсіздік деңгейін арттырады, – делінген мәліметте.