Елордалық полицейлер жаңа оқу жылындағы жол қауіпсіздігі туралы ескертеді

1 Қыркүйек 2022, 20:38
1064
Бөлісу:
Елордалық полицейлер жаңа оқу жылындағы жол қауіпсіздігі туралы ескертеді
PHOTO

22 тамыз бен 12 қыркүйек аралығында елорда аумағында жаңа оқу жылының басталуы кезеңінде қоғамның назарын балалардың жол-көлік жарақаттары мәселесіне аудару мақсатында «Назар аударыңыз, балалар» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліл жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Барлық оқушылар мен олардың ата-аналарын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Мемлекет басшысының балалар жылында өскелең ұрпақты қорғаудың тиімділігін арттыру бойынша қойған міндеттерін іске асыруға ерекше көңіл бөлінеді. Балалардың қауіпсіздігі елордалық полиция жұмысындағы басты бағыттардың бірі болып табылады, - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы генерал-майор Марат Төлебаев.

Полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен және мектептермен бірлесіп, білім беру нысандарының жанында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты проблемалық мәселелерге мониторинг жүргізуде. Сондай-ақ оқушылармен сабақтар, дәрістер өткізу, көрнекі үгіт тарату арқылы профилактикалық жұмыс жүргізілуде. Кәмелетке толмағандардың жол қауіпсіздігінің негізгі ережелері туралы хабардар болуын арттыруға көп көңіл бөлінеді. Әлеуметтік желілер алаңдарын, түрлі-түсті графика мен бейнероликтерді пайдалана отырып, балаларды интерактивті түрде оқытуға баса назар аударылады.

Елордалық полицейлер жаңа оқу жылындағы жол қауіпсіздігі туралы ескертеді

Бүгінде тәртіп сақшылары мектептерге іргелес жатқан аумақтар мен көлік жүретін жерлерді мұқият күзетеді, барлық мектептерде полиция жасақтары қойылған.   

Ағымдағы жылдың 7 айында елорда аумағында кәмелетке толмағандардың қатысуымен жарақат алған 67 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 71 бала жарақат алып, 1 бала қайтыс болды.

Елордалық полицейлер жаңа оқу жылындағы жол қауіпсіздігі туралы ескертеді

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтамауы, сондай-ақ жолда ұқыптылық пен қырағылықты жоғалту болып табылады. Бұл ретте белгіленген орындардан тыс жүру бөлігінің қиылысуы неғұрлым жиі кездесетін бұзушылық болып қала береді.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды ескертеді. Мектептер мен балабақшаларға жақын жерлерде, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінде, қоғамдық көлік аялдамаларында және аулаларда жүрген кезде өте мұқият болыңыз. Тұрғын үй аймағында автокөлік жүргізушілері жылдамдық режимін сақтауы керек және тек жүру бөлігіне ғана емес, тротуарлар мен балалар алаңдарына да назар аударуы керек.

Өзгелердің жаңалығы