Елордалық полицейлер зейнеткерді алдаған алаяқты ұстады

13 Мамыр 2022, 12:52
1397
Бөлісу:
Елордалық полицейлер зейнеткерді алдаған алаяқты ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық полицейлер зейнеткерді алдаған алаяқты ұстады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі. 

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қарағанды қаласынан алаяқтық жасады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады. Ол бұрын сотталған 36 жастағы күдікті болып шықты. 

Анықталғанындай, ер адам елордалық зейнеткердің қалалық нөміріне телефон соғып, алаяқтық жолмен 300 мың теңгесін иемденіп кеткен. Қаскүнем дауысын әйел дауысына өзгертіп, өзін зейнеткердің қызы екенін айтып, сондай-ақ өзін полицейлер тоқтатып жібермей жатқанын айтқан. Осыдан кейін ол өз дауысымен полиция қызметкері рөліне кіріп, қызының есірткі заттарымен ұсталғанын айтқан. Күдікті мәселені шешу үшін зейнеткерден 300 мың теңге талап еткен.

Әйел кісі ақша жинап, үйдің ауласында конвертті көрсетілген жерге қойған. Кейін күдікті конвертті алып, қашып кеткен. Біраз уақыттан кейін зейнеткер алданып қалғанын түсініп, бірден полицияға жүгінген.

Полиция қызметкерлері күдіктіні полиция бөлімшесіне алып келген, онда ол алаяқтық жасағанын мойындады. 

Полиция қызметкерлері күдіктіні полиция бөліміне жеткізіп, онда ол алаяқтық жасағанын мойындады.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі (алаяқтық) бойынша тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ оның елорда аумағында осындай қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталуда.

Полицейлер атап өткендей, осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, айыппұлдан екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға дейін жазалауды көздейді.

Өзгелердің жаңалығы