Елордалық полицейлер халықтан қару сатып алу акциясын жалғастырып жатыр

19 Сәуір 2023, 20:47
688
Бөлісу:
Елордалық полицейлер халықтан қару сатып алу акциясын жалғастырып жатыр
Фото: aqmeshit-aptalygy.kz

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету деңгейін арттыру мақсатында елордалық полицейлер заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды халықтан сатып алу жөніндегі акцияны жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астаналықтар полицияға қаруды өз еркімен тапсыруда, бұл көбінде туыстарынан мұраға қалған қарулар. Осылайша, 64 жастағы астаналық марқұм әкесінен қалған "Вепрь" маркалы мылтық қаруын тапсырды. Тағы бір 57 жастағы азамат өзінің туысының гаражынан тапқан 12 калибрлі "ИЖ-18ЕМ-М" маркалы тегіс ұңғылы мылтықты тапсырды.

Қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін, қарудың техникалық жай-күйіне байланысты, оның әрбір бірлігі үшін оннан жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш сомасында республикалық бюджеттен төлем көзделеді.

Қару-жарақ заттарын қабылдау әрбір аумақтық полиция органында жүргізіледі.

Полицейлер жарақаттанудың алдын алу мақсатында, табылған жарылғыш материалдар және оқ-дәрілермен ешқандай әрекет жасамауды, ешбір жағдайда оларды тасымалдауға тырыспауды, бұл туралы полицияның кез келген бөлімшесіне, сондай-ақ 102 нөміріне немесе 112 нөміріне телефон арқылы хабарлауды сұрайды.

Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Өзгелердің жаңалығы