Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық полиция қызметкерлері Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғындарына көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударды. Бұл туралы қалалық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
«Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына Арыс қаласында орналасқан әскери оқ-дәрі қоймасындағы алапат жарылыстан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету мақсатында 12 миллионнан астам қаржы аударылды.
«Арыста болған жағдай елордалық полиция қызметкерлерін бейжай қалдырған жоқ. Қиын жағдайға тап болған Отандастарымызды қолдау - біздің азаматтық борышымыз», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.