Бұл туралы Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полицияға қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу алаяқтық жолмен ақшасын иемденіп кеткенін айтып арызданған.
«Байқоңыр» ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікпен 26 жастағы қала тұрғынын ұстады.
Жәбірленушінің айтуынша, күдікті одан кілемдерін жуып беремін деп 108 мың теңге ақшасын алып хабарсыз кеткен. Алаяққа алданғанын түсінген жәбірленуші полициядан көмек сұраған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алаяқтық жасаған ер адам кінәсін мойындады, оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Астана қаласының Полиция департаменті азамттарға қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.