Оқиға 25 шілде сағат 15:55-те Астана қаласында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Байтұрсынов көшесінде пәтер өртеніп жатқаны туралы келіп түседі. 6 минуттан кейін шақыру орнына кезекші қарауыл келді. Онда 30 ш.м. аумақта үй жиһаздары, заттар жанып жатқаны анықталды.
Өрт сөндірушілердің күшімен өрт 16.28-де оқшауланып, 16.44-те сөндірілді.
Өртті сөндіру барысында елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден 1996 ж.т.пәтер иесі ер адамды құтқарды.
Өртті сөндіруге Астана қ. ТЖД жеке құрамның 22 адамы және 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.