Қостанай облысында орман өртіне қарсы күрес жүріп жатқанына екі тәулік болды, деп хабарлады BAQ.KZ.
Елордалық ТЖД-нің 98 ержүрек құтқарушысы, 18 өрт сөндіру техникасы өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары полковник Р.Екишевтің басшылығымен Қостанай облысының Әулиекөл ауданына өртке қарсы күресте әріптестеріне көмек көрсету үшін жолға шықты, - делінген ТЖД хабарламасында.